locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Кәшкенсіз: Талғат Байсуфинов Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізімін жариялады

Ұлттық құраманың бас бапкері қарашадағы шешуші матчтарға дайындықты бастайтын 38 футболшыны атады
Футбол
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
ФОТО: ҚФФ

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері міндетін атқарушы Талғат Байсуфинов қараша айындағы матчтарға шақырылған футболшылардың кеңейтілген тізімін жариялады.

Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) баспасөз қызметі хабарлады.

Оқу-жаттығу жиыны 3 қарашада Астанада басталады. Мұнда ойыншылар маңызды кездесулерге дайындық өткізеді. Тізімге ел ішіндегі және шетелдік клубтарда өнер көрсететін 38 футболшы енген.

Команданың оқу-жаттығу жиыны 3 қарашада Астанада басталады.

Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізіміне енген 38 ойыншы:

Қақпашылар: Темірлан Анарбеков («Қайрат»), Мұхамеджан Сейсен («Астана»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Қажымұқан Төлепберген («Оқжетпес»);

Қорғаушылар: Арсен Ашырбек («Оқжетпес»), Әділбек Жұмаханов («Елімай»), Еркін Тапалов («Қайрат»), Сергей Малый, Сағадат Тұрсынбай, Сұлтанбек Астанов (барлығы – «Ордабасы»), Наурызбек Жағоров («Тобыл»), Ян Вороговский («Астана»), Әлібек Қасым, Талғат Құсқаев, Багдат Қайыров (бәрі – «Ақтөбе»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей);

Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов, Жан Әли Пайруз, Алмас Төлеубай, Ғалымжан Кенжебек (барлығы – «Елімай»), Муроджон Халматов («Ордабасы»), Ерсултан Қалдыбеков («Қайсар»), Дамир Қасабулат («Қайрат»), Георгий Жуков («Ақтөбе»), Исламбек Қуат, Дінмұхамед Қараман (екеуі де – «Жеңіс»), Серікжан Мужиков, Дәурен Жұмат (екеуі де – «Оқжетпес»), Ислам Чесноков («Тобыл»), Бақтиер Зайнутдинов («Динамо», Ресей);

Шабуылшылар: Максим Самородов («Ахмат», Ресей), Дастан Сатпаев («Қайрат»), Эльхан Астанов («Ордабасы»), Иван Свиридов («Елімай»), Артур Шушеначев, Оралхан Өміртаев (екеуі де – «Ақтөбе»), Рамазан Каримов («Астана»), Айбар Жақсылықов («Қайсар»).

Қазақстан құрамасын қараша айында екі кездесу күтіп тұр. 15 қарашада «Астана Арена» стадионында біздің команда Еуропа футболының фавориттерінің бірі – Бельгия құрамасын 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында қабылдайды.
18 қарашада қазақстандықтар Хорватияның Пула қаласында Фарер аралдарына қарсы жолдастық матч өткізеді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie