Кристофер Нкунку Баварияға ауысуға дайын
Футбол
Наурызбай Қанатұлы
Фото: gettyimages
"Бавария" мен "Челси" ойыншы айырбастауы мүмкін, деп хабарлайды Фабрицио Романо.
Ағылшындық клуб Матис Тельді қатарына қосуға ниетті. Осындай мақсатта "Бавариямен" байланыс орнатты.
Ал "қызылдар" Кристофер Нкункуға қызығып отыр.
Қазіргі уақытта қос тарап ықтимал ойыншы ауысымы бойынша келіссөз жүргізуде.
Кристофер Нкунку "Баварияға" ауысуға дайын. Жартылай қорғаушы көбірек ойнағысы келеді. Сондықтан Мюнхеннің клубымен жекешарттарда мәселе туындамайды.
Барлығы клубтар арасындағы келісімге байланысты болады.