«Кристал Пэлас» тек осы қыста Гэxиді бір ғана клуб алуға талпынады деп сенеді
Қалған үміткерлер жазды күтеді
Футбол
Жантөре Қайсаров
Редактор
ФОТО: Getty Images
Өткен жаздағы басты трансферлік оқиғалардың бірі Марк Гэxидің «Кристал Пэластан» «Ливерпульге» ауысуы болуы тиіс еді, бірақ мәміле жүзеге аспады. Дегенмен бұл «құстардың» тыныш демалуына себеп емес.
Sky Sports хабарлауынша, лондондық клуб Марк Гэxиді осы қыста тек «скаузерлердің» алуға әрекет жасайтынына сенімді, ал бұған дейін олардың да, басқа клубтардың да жазды күтетіні айтылған болатын.
«Селхерст Парктағы» басшылық Гэxиге қызығушылық танытқан басқа ірі еуропалық клубтар оны тек келесі жазда еркін агент ретінде алуға дайын деп есептейді.
Бұған дейін «Кристал Пэлас» бас бапкері Оливер Гласнер қорғаушы клубпен жаңа келісімшартқа қол қоймайтынын мәлімдеген еді.