Криштиану Роналду жақында футболдан кететінін мәлімдеді
Аяулы аңыздың үлкен футболмен қоштасу сәті алыс емес
Футбол
Данияр Қайратов
Редактор
ФОТО: Getty Images
Сауд Арабиясының «Аль-Наср» клубының және Португалия құрамасының аңыз шабуылшысы Криштиану Роналду жақында футболшы ретіндегі мансабын аяқтайтынын айтты.
Жұлдызды португалиялық бұл сәттің қалай өтетінін және қандай сезімде болатынын елестетіп көрді.
«Иә, мен зейнетке шығатын сәтімді көз алдыма елестете аламын. Бұл жақын арада болады. Бірақ мен дайын боламын... Бұл өте қиын болады, мен анық жылаймын! Дегенмен, мен дайын боламын деп ойлаймын... Әр нәрсенің соңы бар, сондықтан басқа істерге көбірек уақытым болады», — деп келтіреді Криштианудың сөзін Фабрицио Романо.
Сонымен қатар, Роналду әлем чемпионатында жеңіске жетуді армандамайтынын мәлімдеді, ал бұған дейін ол мүлде басқа ойда болған еді.