Криштиану Роналду Португалия ұлттық құрамасының лагеріне қосылды
Аңызға айналған футболшы халықаралық аренада әлі де жарқырауға ниетті
Футбол
Данияр Қайратов
Редактор
ФОТО: Getty Images
«Аль-Насрдың» жұлдызды шабуылшысы Криштиану Роналду Instagram парақшасында Португалия ұлттық құрамасы лагеріне келген сәтінен фотолар жариялады.
«Ұлттық құраманың сапына қайта оралдым», — деп қысқа әрі нұсқа жазды Криштиану.
Португалия құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының екі іріктеу матчында бақ сынайды. Сенбі, 11 қазан күні олар өз алаңында Ирландиямен кездеседі, ал сейсенбі, 14 қазанда тағы бір үй матчында Венгрияға қарсы ойнайды.
Аңызға айналған Роналдудың еншісінде ұлттық құрама сапында 223 матчта 141 гол бар — бұл Португалия футболындағы абсолютті рекорд.
Айта кетейік, Беппе Маротта Роналдудың «Ювентустағы» қызықты әрекеті жайлы ашып айтты.