КПЛ-дегі көшбасшылардың бірі сенімді жеңіске жетті
КПЛ-дың 22-турындағы «Ақтөбе» мен «Жетісу» арасындағы матч аяқталды. Николай Костовтың командасы Самат Смақовтың шәкірттерін 3:2 есебімен жеңді.
Ойын соңғы минуттарға дейін тартысты өтті. Бірінші таймда «Ақтөбе» ойыншысы Артур Шушеначев есеп ашты. Алғашқы тайм 1:0 есебімен аяқталды. Екінші таймда Шушеначев 51-минутта дубль авторы атанды. Алайда екінші таймның соңына қарай «Жетісу» ойыншысы Жансұлтан Мұхамметханов гол соқты. Көп ұзамай «Ақтөбе» 90-минутта үшінші голын енгізді, бірақ қосымша уақытта Сұлтан Аскаров қарсы қақпаға екінші гол соқты. Дегенмен Смақов шәкірттеріне үшінші голды соғу мүмкін болмады. Ойын «Ақтөбенің» жеңісімен аяқталды.
КПЛ 22-тур. «Ақтөбе» – «Жетісу» матчы
Голдар: Артур Шушеначев 35’, 51’, Уче Агбо 90’.
«Жетісу»: Ж. Мұхамметханов 87’, С. Аскаров 90+4’.