Коул Палмер Cold Palmer сауда маркасын тіркеді
«Челси» жартылай қорғаушысы Коул Палмер Cold Palmer сауда маркасын ресми түрде тіркеді, деп хабарлайды The Athletic.
Басылымның мәліметінше, енді ағылшын ойыншысының cold лақап атын ешкім оның рұқсатынсыз коммерциялық мақсатта пайдалана алмайды. Сондай-ақ, Палмер өзінің қолтаңбасын да сауда маркасы ретінде тіркеген.
Сауда маркасын тіркеу өтінімінде футболшы сата алатын өнімдердің тізімі де бар. Бұл тізімге сабын, ваннаға арналған тұздар, жеңіл тағамдар, ұстара жүзіктері, телефон қаптамалары, кеңсе тауарлары, рождестволық хлопушкалар және жұмсақ ойыншықтар кіреді.
Бұған дейін Коул Палмер Францияда алкоголь өнімдеріне арналған Cold Palmer брендіне өтінім бере алмаған. Себебі, француздық Château Palmer шарап үйі атаудың ұқсастығына байланысты өтінімді даулаған. Соның нәтижесінде футболшы шарапқа қатысты тармақтарды өтінімінен алып тастады.