locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Конференция лигасындағы үстемдік. Челси Данияда кезекті жеңісіне қол жеткізді

Футбол
Нұрбақыт Қадырбаев
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
ФОТО: Getty Images

Конференция лигасының 1/8 финалдық ойыны аяқталды, онда “Копенгаген” турнир фавориттері “Челсиді” қабылдады.

  • Матчтың барлық ең қызықты сәттерін Sports24.kz Telegram-арнасында live режимде көруге болады!

Бірінші тайм голсыз аяқталды, бірақ “Челси” екінші таймның басында жылдам гол соқты. Ал 65-минутта есепті еселеп үлгерді. Бірақ алаң иелері гол соқпай кеткен жоқ – матчтың ең соңында стандартты сәтті голға айналдырып, есепті қысқартты.

Осылайша, “Челси” еурокубок науқанындағы жеңісті сериясын 7 матчқа дейін ұзартты. Қарымта кездесу 14 наурызға қараған түні өтеді.

Конференция лигасы. 1/8 финал. 6 наурыз

Копенгаген (Дания) - Челси (Англия) - 1:2

Голы: Габриэль, 80 - Джеймс, 47, Фернандес, 65.

ФОТО: ФК Челси
Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie