locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Клубтық әлем чемпионаты-2025: «Интер» мен «Флуминенсе», «Боруссия» мен «Монтеррей» плей-оффта кездеседі

Үшінші турдан кейін тағы төрт команда 1/8 финалға жолдама алды
Футбол
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Клубтық әлем чемпионаты-2025: «Интер» мен «Флуминенсе», «Боруссия» мен «Монтеррей» плей-оффта кездеседі
ФОТО: chelseafc инстаграм парақшасынан

Клубтық әлем чемпионаты-2025 турнирінің үшінші туры аясындағы ойын күні аяқталып, плей-офф кезеңіне жолдама алған тағы төрт команда белгілі болды.

Осы нәтижелердің арқасында 1/8 финалдың екі жаңа жұбы анықталды.

E тобында көш бастаған Италияның «Интер» клубы келесі кезеңде F тобының екінші орнын иеленген Бразилияның «Флуминенсе» командасымен кездеседі. Ал E тобында екінші орын алған Мексиканың «Монтеррейі» плей-оффтағы жолын F тобының жеңімпазы - Германияның «Боруссия Дортмунд» командасына қарсы жалғастырады.

Еске сала кетейік, бұған дейін плей-оффтың келесі жұптары белгілі болған еді: «Палмейрас» - «Ботафого», «Бенфика» - «Челси», «ПСЖ» - «Интер Майами» және «Фламенго» - «Бавария».

Топтық кезең 27 маусымда аяқталады. Осы күні плей-оффқа өтетін соңғы командалар белгілі болып, қалған ойын жұптары да түпкілікті анықталады. Турнир АҚШ жерінде өтіп жатыр.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie