locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Кенжебек көмектесе алмады. Кошице гегемонмен ойында Словакия Кубогынан шығып қалды

Футбол
Нұрбақыт Қадырбаев
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
Кенжебек көмектесе алмады. Кошице гегемонмен ойында Словакия Кубогынан шығып қалды
ФОТО: ФК Кошице

Словакия Кубогының ширек финалдық ойыны аяқталды, онда “Кошице” мен братиславалық “Слован” кездесті.

Жалғыз голды матчтың 38-минутында Тигран Барсегян соқты. Ал 57-ші минуттан бастап қонақтар 10 адаммен ойнады, бірақ минималды есепті ұстай алды. Осылайша “Слован” кубоктың жартылай финалына шықты.

Айта кетейік, “Слован” Словакия чемпионатында гегемон болып табылады. Команда 6 рет қатарынан ел біріншілігін жеңіп алды. Ал биылғы маусымда ол тұрақты чемпионаттың жеңімпазы атанып, плей-офф кезеңінде күресін жалғастыруда.

Жас қазақстандық ойыншы Ғалымжан Кенжебек алаңға 75-минутта шықты. Ол гол соға алмады, бірақ ойын соңында сары қағаз алды. Еске салайық, “Слованмен” (2:3) өткен соңғы бетпе-бет кездесуде ол команда сапындағы дебюттік голын соққан болатын.

Словакия Кубогы. 1/4 финал. 12 наурыз

Кошице - Слован Братислава - 0:1

Гол: Барсегян, 38.

Қызыл қағаз: Игнатенко, 57 (Слован).

ФОТО: ФК Кошице
Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie