Кейн пенальтиден соққан голымен Баварияға сырт алаңда жеңіс сыйлады
Футбол
Дамир Кошечкин
Журналист
ФОТО: Бавария
11 қаңтарда Германия Бундеслигасының 16-туры аясында Мёнхенгладбахтың “Боруссиясы” өз алаңында Мюнхеннің “Бавариясын” қабылдады. Ойын қонақтардың пайдасына 0:1 есебімен аяқталды. Жеңісті голды екінші таймда Харри Кейн пенальтиден соқты.
Бундеслига. 16-тур
Боруссия (Мёнхенгладбах) – Бавария (Мюнхен) – 0:1
Гол: Кейн, 68 (пенальтиден)
“Бавария” 39 ұпаймен Бундеслигада бірінші орында тұр. Ал, “Боруссия” 24 ұпаймен 10-орында тұрақтаған.