КДБ-сыз «Наполи» «Комоға» қарсы ұпай жоғалтты
Италия Серия А-сының көшбасшысы «Наполи» өз алаңында Сеск Фабрегас басқаратын «Комоға» қарсы үш ұпай ала алмады.
Антонио Контенің шәкірттері жақында команданың негізгі ойыншыларының бірі Кевин Де Брюйне жарақат алғаннан кейін 3-4 айға жоғалтты, нәтижесінде гол соғуда қиындықтар туындады. Алдымен «Леччеге» бір голды зорға салса, енді «Комо» қақпасынан саңылау таба алмады. Кездесу нөлдік тең есеппен аяқталды. Тіпті, «Комо» да бірнеше қауіпті сәттер жасады. Ең нақты мүмкіндікті Альваро Мората жіберіп алды: алғашқы таймда Ваня Милинкович-Савичпен бетпе-бет шығып, пенальтиден гол соға алмады.
Осы сәтсіздіктен кейін «Наполи» 22 ұпаймен бірінші орыннан қозғалмады, бірақ қудалаушылардың бір ойыны артық.
Серия А, 10-тур
«Наполи» – «Комо» – 0:0
Реализденбеген пенальти: Мората, 26 (қақпашы)