КЧМ-2025 плей-офф кезеңі қарсаңында үздік сұрмергендер белгілі болды
«Бавария» шабуылшысы Майкл Олисе үш голмен бомбардирлер тізімінде көш бастап тұр
Футбол
Әлім Динасылов
Редактор
ФОТО: Getty Images
2025 жылғы клубтық әлем чемпионатының топтық кезеңі аяқталды. 1/8 финал алдындағы үздік сұрмергендер тізімі жарияланды.
Үш турдан кейін «Баварияның» француз шабуылшысы Майкл Олисе үш гол және екі нәтижелі паспен көш бастады. Одан кейін екінші орында «Ювентус» сапындағы түрік ойыншысы Кенан Йылдыз тұр — оның еншісінде де үш гол, бірақ ассист саны азырақ.
КЧМ-2025 үздік бомбардирлері (топтық кезеңнен кейін):
- Майкл Олисе («Бавария») — 3 гол, 2 ассист
- Кенан Йылдыз («Ювентус») — 3 гол, 1 ассист
- Виссам Абу Али («Аль-Ахли») — 3 гол
- Анхель Ди Мария («Бенфика») — 3 гол
- Джамал Мусиала («Бавария») — 3 гол
Плей-офф кезеңі 28 маусымда басталады. Осы ойындарда сұрмергендер жарысында көшбасшы ауысуы әбден мүмкін.
Винисиус: «Реал» — менiң өмiрiмдегi басты клуб, осында әлі талай жыл боламын деп үмiттенемiн.