locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Каспий» клубының экс-директоры Ержан Жамбыровқа қатысты сот басталды

Футбол
Бакберген Тынымов
Бакберген Тынымов
Редактор
«Каспий» клубының экс-директоры Ержан Жамбыровқа қатысты сот басталды
ФОТО: Instagram Ержана Джамбырова

Ақтауда бұрынғы футбол функционері Ержан Жамбыров пен оның сыбайластарына қатысты қылмыстық іс бойынша сот процесі басталды.

«Orda» басылымының мәліметінше, Жамбыров аса ірі көлемде ақша жымқыру және бопсалау, сондай-ақ ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында әрекет ету бойынша айыпталып отыр. Іс құпия сипатқа ие. Дереккөздің хабарлауынша, айыпталушылардың бірі сот отырысын БАҚ пен жұртшылықтан жабуды сұраған.

Басылымның мәліметіне сүйенсек, Жамбыровпен бірге Сәкен Смағұл, Асқын Қауымбаева және Мейрам Оразұлы да сот алдында жауап беруде. Мейрам Оразұлына - қылмыстық топ құру, ал қалғандарына - сол топқа қатысу бойынша айыптар тағылған.

Бұған дейін, Бас прокуратураның тапсырмасымен «Заң және тәртіп» бағдарламасы аясында «Ақтөбе» футбол клубында тексеріс жүргізілген болатын. Нәтижесінде клубта ірі көлемдегі қаржылық заңбұзушылықтар анықталды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie