locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Кадрлық өзгерістер бола ма? Омаровтың жауабы

Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров Әли Әлиевтің мәлімдемесіне пікір білдірді
Футбол
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Кадрлық өзгерістер бола ма? Омаровтың жауабы
ФОТО: ҚФФ

Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров ұлттық құраманың бас бапкері Әли Әлиевтің Бельгиядан (0:6) ірі есеппен ұтылғаннан кейін әлем чемпионаты-2026 іріктеу кезеңінде отставкаға кететіні жөніндегі күтпеген шешіміне қатысты өз ойын ортаға салды, деп хабарлады BAQ.kz.

Омаровтың айтуынша, бапкер құрамды жасарту бойынша белгілі бір жұмысты атқарды — қазіргі команда ойыншыларының орташа жасы 25–26 шамасында. Дегенмен, оның сөзінше, нәтиже әлі де күткендегідей емес:

«Иә, құрам жасарды, бірақ ойын сапасы әлі де сұрақ тудырады. Әлиев келген соң біз жан-жақты сөйлесіп, кадрлық шешімдер қабылдаймыз», — деді ҚФФ басшысы Үкімет кулуарында.

Әли Әлиев 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Бельгиядан ойсырай жеңілген соң отставкаға кететінін мәлімдеді.

Әли Әлиевтің жетекшілігімен Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңінде бес ойын өткізіп, небәрі үш ұпай жинады. Жалғыз жеңіс Лихтенштейнге қарсы матчта (2:0) тіркелді. Қалған кездесулерде команда Уэльске (1:3 және 0:1), Солтүстік Македонияға (0:1) және Бельгияға (0:6) жол берді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie