Израиль қызыл карточка алған кездесуде Молдованы сенімді жеңді
Израиль құрамасы қарсыласының қақпасына төрт гол соқты
Футбол
Дамир Кошечкин
Журналист
ФОТО: isr.fa
17 қарашаға қараған түні 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу матчында Израиль мен Молдова кездесті.
Бұл ойында Израиль құрамасы 4:1 есебімен айқын жеңіске жетті. Молдова 18-минуттан бастап Серджиу Перчун қызыл карточка алған соң азшылықта ойнады.
Ион Николаескудың голына Израиль Дор Тургеман, Рой Ревиво, Элиэль Перец және Владислав Бабоглоның автоголымен жауап берді.
Әлем чемпионаты. Іріктеу кезеңі
Израиль – Молдова – 4:1
Голдар: Тургеман, 21 (пенальтиден), Ревиво, 65, Перец, 85, Бабогло, 88 (автогол) – Николаеску, 37.
Қызыл карточка: Перчун, 18 (Молдова).
Франция құрамасы камбэк жасап, Әзірбайжанды 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу матчында жеңді.