locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Қызылжар» Қазақстан құрамасының қорғаушысымен келісімшартқа отырды

Көкшетаулық футбол мектебінің түлегі табысты маусымнан кейін Петропавлдың «Қызылжар» командасына қосылды
«Қызылжар» Қазақстан құрамасының қорғаушысымен келісімшартқа отырды
ФОТО: KFF

«Қызылжар» Қазақстан жастар құрамасының қорғаушысы Никита Губаревпен келісімшартқа қол қойды

Петропавлдық «Қызылжар» клубы 21 жастағы қазақстандық қорғаушы, жастар құрамасының ойыншысы Никита Губаревпен келісімшарт жасасқанын ресми жариялады.

Өткен маусымды Губарев қызылордалық «Қайсар» сапында өткізіп, 37 матчта өнер көрсетіп, 2 гол соғып, 3 нәтижелі пас берген еді.

21 жастағы футболшы Көкшетау қаласының тумасы, ол өзінің кәсіби жолын 2020 жылы бастаған. Кейінірек ресейлік «Лада-Тольятти» клубында тәжірибе жинақтап, 2025 жылдың басында Қазақстанға қайта оралып, «Қайсарға» ауысты.

Өткен маусымда «Қызылжар» 27 ұпай жинап, турнир кестесінде 9-орынды иеленді. Губаревтің келуі команда қорғанысын күшейтіп, орталық қорғауда тың серпін береді деп күтілуде.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie