locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Иван Перишич Уэйн Рунидің нәтижесін қайталады

Футбол 21 нау 2025 06:25
Наурызбай Қанатұлы
Наурызбай Қанатұлы
Иван Перишич Уэйн Рунидің нәтижесін қайталады
Фото: gettyimages

Кеше, Хорватия ұлттық құрамасы Ұлттар лигасы 1/4 финалының бірінші ойынында Францияны 2:0 есебімен жеңген еді.

Осы ойында 36 жастағы вингер Иван Перишич Францияға қарсы матчта бір гол соғып, бір нәтижелі пас берген соңғы он жылдағы бірінші ойыншы атанды.

Оған дейін мұндай нәтижеге 2015 жылдың қарашасында ағылшындық шабуылшы Уэйн Руни қол жеткізген еді.

Иван Перишич қазір нидерландылық ПСВ клубында өнер көрсетеді. Осы маусымда 36 жастағы хорватиялық ойыншы барлық турнирлерде 39 ойынға қатысып, 10 гол соғып, 9 голдық пас берген.

Айта кетейік, Хорватия мен Франция арасындағы екінші матч 23 наурыз күні Қазақстан уақыты бойынша 00:45-те басталады.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie