locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Италия құрамасын жаттықтырмайды: Клаудио Раньери бас тартты

73 жастағы маман бас бапкер қызметін қабылдаудан бас тартты
Футбол
Абылай Сеитов
Абылай Сеитов
Журналист
Италия құрамасын жаттықтырмайды: Клаудио Раньери бас тартты
ФОТО: Getty Images

Италия құрамасының тізгінін ұстауға үміткерлердің бірі болған Клаудио Раньери бұл ұсыныстан ресми түрде бас тартты. Бұл туралы танымал инсайдер Фабрицио Романо X әлеуметтік желісінде хабарлады.

«Мұндай ұсыныс алу – мен үшін үлкен мәртебе. Алайда мен «Рома» клубындағы қызметімді жалғастыруды жөн көрдім», – деді Раньери.

Осылайша, тәжірибелі жаттықтырушы Италия құрамасының бас бапкері болу мүмкіндігін ресми түрде жоққа шығарды. Айта кетейік, ол бұған дейін бапкерлік мансабын аяқтағанын мәлімдеген болатын.

Қазір басты үміткерлердің бірі ретінде Сауд Арабиясының «Аль-Наср» клубын жаттықтырып жүрген Стефано Пиоли қарастырылып жатыр.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie