locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Италия мен Израиль арасындағы матч ерекше бақылауда өтеді: билік қауіпсіздік шараларын күшейтуде

Удинеде наразылықтар күтілуде, стадионға көрермендердің бесінші бөлігі ғана кіргізіледі, ал қала қатаң бақылау аймағына
Футбол
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
ФОТО: azzurri инстаграм парақшасынан

2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу аясындағы Италия мен Израиль құрамаларының алдағы кездесуі бұрын-соңды болмаған қауіпсіздік шараларымен өтеді, деп хабарлайды The Social Post.

Дереккөз мәліметінше, матч 14 қазанда Удинедегі 25 мың адамға арналған «Блюэнерджи» аренасында өтеді. Алайда трибунаға тек 5 мыңға жуық жанкүйер ғана жіберіледі — билік стадион маңында жаппай наразылықтар болуынан қауіптенуде.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлері, қарибинерлер, кинологтар мен саперлар жұмылдырылады. Сондай-ақ аумақты дрондар бақылайды. Арена маңында уақытша әйнек, керамика және қаңылтыр ыдыстағы сусындар мен тағамдарды сатуға тыйым салынады, бұл олардың лақтыруға қолданылуын болдырмау үшін жасалады.

Бұған дейін, 11 қазанда Ослода өткен Норвегия — Израиль (5:0) кездесуінде жергілікті полиция пропалестиналық демонстранттарды тарату үшін көзден жас ағызатын газ қолдануға мәжбүр болды, бірнеше адам ұсталды.

2026 жылғы әлем чемпионатының финалдық кезеңі 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексика стадиондарында өтеді.

Сондай-ақ Гаттузо Италия мен Израиль құрамалары арасындағы матчты бойкоттау мүмкіндігі жайлы пікір білдірді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie