Ыстық болады. Мбаппе мен Холанд әлем чемпионатында бір-біріне қарсы ойнайды
Норвегия мен Франция құрамалары Мундиальда бір топқа түсті
Футбол
Данияр Қайратов
Редактор
ФОТО: Getty Images
Вашингтонда 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының финалдық кезеңінің жеребесі жалғасып жатыр.
Сенсация жасаған Норвегия құрамасы, турнирге тікелей жолдама алған ұжым, I тобында Франция және Сенегалмен кездеседі.
Осылайша, бізді топтық кезеңде-ақ әлемнің үздік шабуылшылары Эрлинг Холанд пен Килиан Мбаппенің тартысы күтеді!
2026 жылғы ӘЧ финалдық бөлігі маусым мен шілде айларында үш елде – Мексика, АҚШ және Канадада өтеді. Финал 19 шілдеге жоспарланған. Бұл – 48 ұлттық құрама қатысатын алғашқы Мундиаль болмақ.
Дональд Трамп әлем чемпионатының жеребе тарту рәсімінде футбол туралы маңызды мәлімдеме жасады.