Испания Кубогының жартылай финалында кездесетін командалар белгілі болды
Футбол
Аружан Темірбек
Редактор
ФОТО: Getty images
Испанияда 2024-25 жылғы Испания Кубогының жартылай финал ойындарының жеребесі тартылды. Жеребенің нәтижесінде бірінші жартылай финалда “Барселона” мен “Атлетико Мадрид” кездесетін болса, екінші жартылай финалда “Реал Сосьедад” мадридтік “Реалмен” ойнайды.
Испания Кубогының жартылай финалындағы барлық жұптар:
• Барселона — Атлетико Мадрид
• Реал Сосьедад — Реал Мадрид
Бұл кезеңде командалар екі ойын өткізеді: өз алаңында және сырт алаңда. Испания Кубогының жартылай финалындағы алғашқы матчтар 2025 жылдың 25, 26 немесе 27 ақпанында өтсе, қарымта матчтары 1, 2 немесе 3 сәуірде өтеді.
Мадридтік Реал Еуропа королі мәртебесін тағы да дәлелдеп, жаңа рекорд орнатты