Испания Кубогы. Барселона қатарынан екінші ойында бес голмен жеңіске жетті
Футбол
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
ФОТО: Getty Images
Қаңтардың 15-інен 16-сына қараған түні “Барселона” мен “Бетис” арасында Испания кубогының 1/8 финалы өтті.
Каталондықтар севильялық қарсыластарын 5:1 есебімен жеңді. “Барселонадан” Пабло Гави, Жюль Кунде, Рафинья, Ферран Торрес және Ламин Ямаль гол соқты. Ал 84-ші минутта “блаугрананың” бұрынғы ойыншысы Виктор Роке “Бетис” үшін жұбаныш голын сала алды.
Айта кетейік, бұл “Барселонаның” бес гол соққан қатарынан екінші жеңісі. 13 қаңтарда финалда “Реал Мадридті” 5:2 есебімен жеңіп, Испания Суперкубогын жеңіп алған болатын.
Кубок Испании. 1/8 финал. 16-шы қаңтар.
Барселона - Бетис - 5:1
Голдар: Гави, 3, Кунде, 27, Рафинья, 58, Торрес, 67, Ямаль, 75 - Роке, 84 (пенальти).