locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Исламхан Сейдахметтің соңынан Ақтөбеге көшуі мүмкін

Футбол
Нұрбақыт Қадырбаев
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
Исламхан Сейдахметтің соңынан Ақтөбеге көшуі мүмкін
ФОТО: ҚФФ

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан шымкенттік “Ордабасыдан” кетті. Ойыншының келесі клубы әлі анықталған жоқ.

Қызылордалың “Қайсар” оған қызығушылық танытып отыр деген инсайд шыққанымен, жаңа желіде тараған қауесеттерге қарағанда, ол Еркебұлан Сейдахметтің соңынан “Ақтөбеге" көшуі мүмкін. Ойыншының “Ақтөбеге” ауысуы медиа жағынан да, ойын тұрғысынан да бомба болмақ. Өйткені, ол бұған дейін “Астана” мен “Қайрат” сапында өнер көрсеткен болатын. Сондай-ақ “қызыл-ақтардың” құрамын легионерлермен емес, қазақстандық футболшылармен күшейту қажеттілігі бар.

Егер трансфер жүзеге асса, ол допинг дауына байланысты екі жылға шеттетілгеннен соң спорттық мансабын қайта жандандырған бұрынғы клубы “Ордабасымен” жаңа маусымның бірінші турында кездеседі.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie