locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Ислам Чесноков шетелдік лигаға ауысу мүмкіндігін жоққа шығармайды

Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Ислам Чесноков шетелдік лигаға ауысу мүмкіндігін жоққа шығармайды
ФОТО: ТОБЫЛ ФК

Қазақстан құрамасы мен “Тобыл” клубының шабуылшысы Ислам Чесноков шетелдік чемпионатқа ауысу жоспары әлі де күн тәртібінде тұрғанын мәлімдеді.

“Хартсқа ауысуға өте жақын болдым, белгілі бір келісімдер болды. Бірақ, өкінішке қарай, клубтар ортақ шешімге келе алмады… Әзірге келісім жоқ. “Ахмат”? Барлығы менің тек Еуропада ойнауға қызығушылық танытатынымды біледі. Сол жақта өзімді сынағым келеді”, – деді Чесноков “Футбол Жолына” берген сұқбатында.

Айта кетейік, осы қысқы трансферлік кезеңде шотландиялық “Хартс” қазақстандық шабуылшыға қызығушылық танытқанымен, тараптар ресми келісімге келе алмады. Қазіргі таңда Еуропада трансферлік терезе жабық, сондықтан шотландиялық клуб Чесноковты өз құрамына тек жазғы трансфер кезінде қоса алады.

ҚПЛ-дың жаңа маусымы наурыз айында басталады. Өткен маусымның үздік сұрмергені саналатын Чесноковтың командасы “Тобыл” алғашқы турда өз алаңында чемпионаттың жаңа қатысушысы “Ұлытауды” қабылдайды.

Бұған дейін, Ислам Дастан Сәтпаевтің “Челсиге” ауысуына пікір білдірген болатын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie