Қыруар қаражат. «Ситидің» 115 айыппен күресуге қанша ақша жұмсағаны анықталды
Футбол
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
ФОТО: Getty Images
Манчестер Сити 115 қаржылық бұзушылықты жабу үшін 30 миллион фунт стерлингтен астам 0аражат жұмсады, деп хабарлайды SUN.
City Football Group жариялаған соңғы есептер команданың 2023/24 науқанының соңына дейін сот шығындарына 30 596 000 фунт жұмсағанын көрсетеді. Биылғы маусымдағы көрсеткіш бұл сомадан асып түседі және бүгінгі күнге дейін ең жоғары болады деп күтілуде.
Жұмсалған ақшаның көп бөлігі өз қызметтері үшін сағатына шамамен 5000 фунт стерлинг алатын құрметті адвокат Лорд Панникке кетуі мүмкін деп хабарланды.
«Манчестер Ситиге» қаржылық фэйр-плей ісі бойынша айыпты үкім оларды ағылшын Премьер-лигасында 60-тан 100-ге дейін ұпайлары алынып, лигадан түсуіне кепілдік бере алатыны ескертілді.