locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Интер» Мартинес дубльмен жеңісімен «Пизаны» тізе бүктіріп, бірінші орындағы «Миланға» жақындады

«Нерадзуррилер» Лаутароның қос голымен маңызды жеңіске жетті
Футбол
Дамир Кошечкин
Дамир Кошечкин
Журналист
ФОТО: Getty Images

30 қараша күні Италия Серия А-ның 13-турында «Пиза» мен «Интер» командалары өзара кездесті.

Бұл матчтың алғашқы таймында есеп ашылған жоқ. Екінші бөлімде аргентиналық шабуылшы Лаутаро Мартинес дубль авторы атанды.

Осы голдардың арқасында миландықтар сырт алаңда 0:2 есебімен жеңіске жетті.

Серия А. 13-тур

«Пиза» - «Интер» - 0:2 (0:0)

Голдар: Мартинес, 69, 83.

«Интер» 27 ұпаймен Серия А турнирлік кестесінде екінші орынға көтерілді. Үшінші орындағы «Ромада» да 27 ұпай бар, ал көш басындағы «Миланның» еншісінде 28 ұпай.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie