locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Интер Майами — Нью-Йорк Сити. Мессидің екі голдық пасы команданы жеңілістен аман алып қалды. Матчқа бейнешолу

Футбол
Наурызбай Қанатұлы
Наурызбай Қанатұлы
Интер Майами — Нью-Йорк Сити. Мессидің екі голдық пасы команданы жеңілістен аман алып қалды. Матчқа бейнешолу
Фото: gettyimages

Бүгін америкалық МЛС ашық чемпионатының кезекті матчы өтті. Онда "Интер Майами" мен " Нью-Йорк Сити" командалары кездесті.

Өте тартысты өткен бірінші таймда екі команда бір голдан соғып, үзіліске тең нәтижемен кетті. 23 минутта қызыл қағаз алған Авилес, "Интер Майами" командасын қиын жағдайға қалдырған еді.

Екінші таймда адам саны бойынша басымдықты сәтті пайдалана білген "Нью-Йорк Сити" 55 минутта есеп айырмасын ұлғайтты. 90+10 минутта Лионель Мессидің пасын сәтті пайдаланған Теласко Сеговия командаға бір ұпай сыйлады.

Осылайша Мессидің командасы жаңа маусымдағы алғашқы матчты 2:2 есебімен тең аяқтады.

МЛС, 1 тур

Интер Майами – Нью-Йорк Сити – 2:2

Голдар: Авилес, 5, Сеговия, 90+10 – Иленич, 26, Мартинес, 55

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie