locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Интер Майами» Клубтар арасындағы әлем чемпионатына қатысатын құрамын жариялады: Месси мен Суарес команданы жаңа жүлдеге жетелуге дайын

Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
«Интер Майами» Клубтар арасындағы әлем чемпионатына қатысатын құрамын жариялады: Месси мен Суарес команданы жаңа жүлдеге жетелуге дайын
ФОТО: Getty images

АҚШ-тың «Интер Майами» футбол клубы 2025 жылы 15 маусым мен 13 шілде аралығында өтетін Клубтар арасындағы әлем чемпионатына қатысатын ресми құрамын жариялады. Турнирдің ашылу матчында команда Мысырдың әйгілі «Әл-Ахли» клубымен кездеседі.

Топтық кезеңде МЛС өкілі тағы екі мықты қарсыласпен - Португалияның «Порту» және Бразилияның «Палмейрас» клубтарымен сынға түседі. Биылғы чемпионат тарихта алғаш рет 32 команданың қатысуымен өтпек. Командалар сегіз топқа бөлінеді, әр топтан алғашқы екі орын иегерлері плей-офф кезеңіне жолдама алады.

«Интер Майамидің» қатарына әлемдік деңгейдегі жұлдыздар мен болашағынан үміт күттіретін жастар енді:

Қақпашылар:
Дрейк Кэллэндер, Рокко Риос Ново, Оскар Устари, Уильям Ярбро.

Қорғаушылар:
Жорди Альба, Ноа Аллен, Томас Авилес, Исраэль Ботрайт, Максимилиано Фалькон, Йен Фрэй, Гонсало Лухан, Тайлер Холл, Давид Мартинес, Райан Сэйлор, Марсело Вейгандт.

Жартылай қорғаушылар:
Янник Брайт, Серхио Бускетс, Бенха Кремаски, Сантьяго Моралес, Федерико Редондо, Бальтасар Родригес, Давид Руис, Теласко Сеговия.

Шабуылшылар:
Лео Афонсо, Тадео Альенде, Лионель Месси, Альен Обандо, Фафа Пико, Луис Суарес.

Құрамның басты жұлдызы - аргентиналық Лионель Месси. Ол қазіргі уақытта МЛС маусымының ең үздік ойыншысы атанып отыр.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie