ИНСАЙД. Станислав Черчесов Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кетеді
Станислав Черчесов Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметінен кетеді. Бұл туралы журналист Ермұхамед Мәулен хабарлады. Оның айтуынша, ресейлік маман команданы жақын арада кетеді, ал заңгерлер келісімшартты бұзудың жолдарын қарастыруда. Ұлттық құраманың бас бапкері лауазымына екі қазақстандық және екі еуропалық үміткер қарастырылуда.
Айта кетейік, Черчесовтың ұлттық құрамамен келісімшарты 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аяқталғанға дейін жасалған болатын, әрі екі жақтың келісімі бойынша тағы екі жылға ұзарту мүмкіндігі қарастырылған.
Алайда Черчесовтың басшылығымен команда 6 матч өткізіп, тек бір тең ойынға қол жеткізді, 5 рет жеңіліс тапты және бірде-бір гол соққан жоқ. Сонымен қатар, құрама В дивизионынан ұщып кетті.
Футбол
Бүгін 13:47