locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

ИНСАЙД. Әли Әлиев Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері атануы мүмкін

Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
ИНСАЙД. Әли Әлиев Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері атануы мүмкін
ФОТО: Али Алиев

Қазақстандық маман Әли Әлиев Қазақстанның жастар құрамасының бас бапкері болуы мүмкін. Бұл туралы спорт журналисі Ермұхамед Мәулен хабарлады.

Мәліметке сүйенсек, “Қызылжармен” келісімшарты жыл соңына дейін жалғасатын бапкер клубтан кетіп, Қазақстанның жастар құрамасын басқаруды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, Петропавл клубының басшылығы жаңа бас бапкер ретінде Беларусь маманын шақыруды қарастыруда.

Әли Әлиев “Қызылжарда” екі кезең жұмыс істеп, жалпы алғанда клубта төрт маусым қызмет етті. Бұдан бөлек, оның “Шахтер”, “Астананың” жастар командасы және елордалық “Жеңіс” клубтарында жұмыс істеген тәжірибесі бар.

2024 жылы Қазақстанның жастар құрамасын Константин Горовенко мен Денис Мамонов кезекпен басқарды. Оған дейін, 2020 жылдың соңынан 2023 жылдың желтоқсанына дейін, бұл қызметті Қайрат Нұрдәулетов атқарған.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie