Игорь Леонов Ақтөбенің бас бапкері қызметін 2025 жылдың соңына дейін жалғастырады
Футбол
Бүгін 03:24
Аружан Темірбек
sports24 сарапшы
ФОТО: Ақтөбе ФК
Украиналық маман Игорь Леонов келесі маусымда “Ақтөбе” футбол клубының бас бапкері қызметін жалғастырады. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
“Игорь Леоновпен келісімшарт мерзімі ұзартылды. “Ақтөбе” ФК басшылығы мен бас бапкер Игорь Леонов 2025 жылдың аяғына дейін жаңа келісімшартқа қол қойды. Айта кетейік, Игорь Леонов команданы 2024 жылы қабылдап, командамен бірге Қазақстан Кубогін жеңіп, Премьер лига турнирінің қола жүлдегері атанған еді. Леоновтың басшылығымен “Ақтөбе” ФК 7 ойын өткізіп, 5 рет жеңіске жетіп, 2 рет жеңілді”, — делінген клуб мәлімдемесінде.
Леоновтың басшылығындағы алғашқы трансфер Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Лев Скворцов болды.
Танымал жаңалықтар
Теннис
Бүгін 06:51
Футбол
Бүгін 05:53