Хусановты Интер мен Реал қатарына қоспақ болды. Фабрицио Романо мәліметтерімен бөлісті
Белгілі инсайдер Фабрицио Романоның айтуынша, Өзбекстан құрамасының қорғаушысы Абдукодир Хусановқа мадридтік “Реал” мен миландық “Интер” де қызығушылық танытқан.
“Хусанов? Ол “Реалдың” маусымдағы трансферлік тізімінде болды. “Интер” де оны бақылап, командаға қосу мүмкіндігін қарастырды. Бірақ қаңтарда “Манчестер Сити” 40 миллион еуромен келді… Енді “Интер” жазда қорғанысты күшейту үшін маңызды трансфер жасайды”, - деді Романо Viva el Futbol басылымына берген сұқбатында.
Хусанов биылғы қаңтарда “Манчестер Ситиге” ауысқалы бері жаңа клубының сапында алты матч өткізіп, бір гол соғып үлгерді.
Бұған дейін, “Манчестер Ситидің” бас бапкері Пеп Гвардиола ойыншының бейімделуі туралы пікір білдіріп, оның әлеуетін жоғары бағалаған еді.