Хусанов АПЛ картасында Өзбекстанды белгіледі
Футбол
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
ФОТО: Getty Images
Өзбекстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Абдукодир Хусанов Англия Премьер-лигасы аясындағы “Манчестер Сити” - “Челси” (3:1) ойынында дебюттік ойынын өткізді.
Лиганың ресми сайтының хабарлауынша, ол Өзбекстанды Премьер-лиганың тарихына қосып, 1992 жылы құрылғаннан бері өкілдері турнирде өнер көрсеткен 126-шы ел болды. Сондай-ақ Ағылшын чемпионатында Үндістан, Эфиопия, Қазақстан, Таиланд сияқты танымал елдердің өкілдері бақ сынамағаны айтылды.

Еске салайық, Абдукодир Хусанов 20-шы қаңтарда “қалалықтарға” 50 миллион еуроға ауысқан болатын. Келісімшарт 2028/2029 маусымының соңына дейін жарамды. Бір қызығы, ол өзінің бұрынғы клубы “Лансқа” небәрі 100 мың еуроға ауысқан болатын.