Холландтың жаңа стилі мен Марескидің дебюті: «Ман Сити» қайсар мінезімен «Борнмуттан» жеңісті жұлып алды
«Манчестер Сити» жаңа маусымдағы Англия Премьер-лигасының бірінші турында «Этихадта» «Борнмутты» қайсар мінезімен жеңіп шықты, деп хабарлайды Sports24.kz.
Бұл ойын Энцо Марескидің АПЛ-дегі «қалалықтар» тізгініндегі дебюті болуымен ерекше есте қалды. Жаңа клубтағы алғашқы матчын ол Англия Суперкубогында «Арсеналдан» (0:3) ойсырай ұтылып бастаған еді, сондықтан италиялық маман мен команда үшін реабилитацияға деген ынта шексіз болды.
Дегенмен, бұл жолы да Марески мен оның шәкірттері ойынның басын өз жоспарларынша бастай алмады. 26-минутта Тавернье есеп ашып, «шие» командасын алға шығарды. Ал алаң иелері, әсіресе имиджін түбегейлі өзгерткен Холланд, қанша тырысса да қонақтардың қақпасына допты дарыта алмады.
Кездесуде сенсацияның исі шыға бастаған сәтте, 84-минутта Гехи баспен дәл соққы жасап, таразы басын теңестірді. Ал қосымша уақытта Гвардиол «қалалықтарға» аса маңызды үш ұпайды жұлып әкетті.
Осылайша, «Ман Сити» жаңа бас бапкерімен АПЛ-дың жаңа маусымын жігерлі жеңіспен – 2:1 есебімен бастады.
АПЛ, 1-тур
«Манчестер Сити» - «Борнмут» 2:1
Голдар: Гехи, 84, Гвардиол, 90+1 – Тавернье, 26


