locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Команданың мінезі керемет болды» – Мареска «Борнмутқа» қарсы ерік-жігермен жеткен жеңіс туралы

Жасалған сәттердің саны бойынша біз бәрін ертерек шешуіміз керек еді, – деді ол
ФОТО: Getty Images
Англия Премьер-Лигасы
23.08.2026, Аяқт.
Манчестер Сити
2
Борнмут
1

«Манчестер Сити» бас бапкері Энцо Мареска ағылшын Премьер-лигасының 1-турындағы «Борнмутқа» қарсы матчтағы (2:1) командасының жеңісі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sports24.kz.

– Команданың мінезі көңіліңізден шыққан болар. Сіз соңғы алты минутта екі гол соқтыңыздар, сол сәтте «Борнмут» үш ұпайды алып кетеді деп көрінген еді.

– Иә, мінез керемет болды. Мен бұл жеңіске лайық болдық деп ойлаймын. Шын мәнінде, бұл – соңғы бес минутты күтетін матч емес еді. Жасалған сәттердің саны бойынша біз бәрін ертерек шешуіміз керек еді. Олардың голына дейін біз өзіміз гол соғуымыз керек болатын, бірақ болмады. Бұл – футбол. Сен соқпасаң, саған соғады, бәрі қиындай түседі. Екінші таймда олардың тек бір ғана соққысы болды. Сондықтан бұл жеңісті толық лайық деп есептеймін.

– Өткен аптадағы жағдаймен салыстырғанда, осы аптада команда нені жақсы меңгерді?

– Шынымды айтсам, біз «Арсеналмен» матчтан кейінгімен бір деңгейдеміз деп ойлаймын. Көбіне нәтиже арқылы бағаланады, бірақ мен өткен апта мен бүгін арасында айтарлықтай айырмашылық көріп тұрған жоқпын. Біз әлі де қалыптасу үстіндеміз, сондықтан жаңа шешімдер іздеймін, Гэхиді жартылай қорғаға қоямын. Әртүрлі нұсқалар қарастырып жатырмын. Бізге бүкіл маусымға команда дайындау керек. Әрине, жеңістер атмосфераға, жанкүйерлерге, командаға және жалпы баршаға оң ықпал етеді. Бүгін бәріміз өткен аптаға қарағанда бақыттырақпыз.

– Қарсылас гол соққан кезде қорғаныс айтарлықтай жақсы ойнамаған секілді. Оны қалай жақсартпақсыз?

– Тағы да айтамын, бұл – Премьер-лига. Мұнда қарсыластар қақпаңызға еш мүмкіндік жасамайтын матчтар өте сирек. Біз жіберген гол – қарсыластың алғашқы соққысы болды. Одан кейін тағы екі-үш қауіпті сәттер болды. Бірақ сәттер өткізіп алу – қалыпты нәрсе. Маңыздысы – оған қалай жауап бересің. Ойыншылардың реакциясы жақсы болды. Өкінішке қарай, бізде әлі де төртеy-бесеу ойыншы бар, олар үшін бұл әлі де маусым алдындағы дайындық секілді. Холанд, Элиат, Марк О’Райли. Олар тек он күн бұрын келді. «Борнмутта» маусым алдындағы дайындықсыз бірде-бір ойыншы болған жоқ, олар басынан бірге жаттықты. Бұл физикалық жағынан үлкен айырмашылық. Бірақ біз әлі де ілгерілейміз, жақсарамыз.

Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie