Холанд Еуропаның басты сұрмергені атанды. Ол 2026 жылғы ӘЧ іріктеуінде қанша гол соқты?
«Манчестер Сити» мен Норвегия құрамасының шабуылшысы Эрлинг Холанд 2026 жылғы әлем чемпионатының еуропалық іріктеу кезеңінің үздік сұрмергені атанды. Ол сегіз матчтың бәрінде алаңға шығып, әр ойында гол соғып, теңдессіз тұрақтылығымен көзге түсті.
Іріктеу циклі қорытындысы бойынша 25 жастағы форвардтың еншісінде 16 гол және 2 нәтижелі пас бар - бұл көрсеткіш турнирге қатысқан барлық ойыншылардан жоғары.
Сұрмергендер бестігі төмендегідей:
• 2-орын - Мемфис Депай (Нидерланд): 8 гол, 4 ассист
• 3-орын - Марко Арнаутович (Аустрия): 8 гол, 1 ассист
• 4-орын - Харри Кейн (Англия): 8 гол
• 5-орын - Микель Оярсабаль (Испания): 6 гол, 4 ассист
Айта кетейік, Норвегия құрамасы өз тобында сенімді түрде бірінші орын алып, АҚШ, Канада және Мексикада өтетін әлем чемпионатына мерзімінен бұрын жолдама алған болатын.