«Хартс» асықпайды: Чесноков шотланд клубына қыста тегін ауысуы мүмкін
Шотландиялық «Хартс» клубы Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы, қазіргі таңда Қостанайдың «Тобол» командасында ойнап жүрген Ислам Чесноковқа қызығушылық танытып отыр.
Бұл туралы Edinburgh Evening News басылымының журналисі Барри Андерсон BorodAbata.kz порталына берген сұхбатында айтты.
Журналисттің мәліметінше, 25 жастағы футболшы мен «Хартс» клубы жеке келісімшарт бойынша ортақ шешімге келген. Алайда шотландиялықтар Чесноков үшін «Тоболға» ірі өтемақы төлеуге дайын емес. Клуб өкілдері ойыншы бәрібір олардың сапына қосылады деп сенімді және Исламның келісімшарты аяқталғанша күтуге дайын. Егер келісім бұзылмаса, қазақстандық футболшы 2025 жылдың қаңтарында еркін агент ретінде Шотландия клубына қосылады. Қазірше «Хартс» Сабах Керьот пен Пьерр Ландри Каборе есімді екі басқа вингермен келіссөздерді жалғастыруда.
Айта кетейік, Чесноков – Өскеменнің «Алтай» клубының тәрбиеленушісі. 2023 жылдан бері Қостанайдың «Тобол» командасында ойнап жүр. Оның клубпен қазіргі келісімшарты 2025 жылдың соңына дейін жарамды.
Биылғы маусымда Чесноков 16 ойын өткізіп, 7 гол соқты және 3 нәтижелі пас берді. 2023 жылдан бастап Қазақстан құрамасына тұрақты түрде шақырылып келеді. Ұлттық құрама сапында 15 матч өткізіп, 2 голдың авторы атанды.
Сондай-ақ Ислам Чесноков Еуропаға кетер алдында сүйіктісіне ұсыныс жасады.