\"Ханзада үйге оралды\". Неймардың Сантосқа оралуына жанкүйерлердің реакциясы
Футбол
Наурызбай Қанатұлы
Фото: gettyimages
Неймар ресми түрде "Сантос" ойыншысы атанды.
32 жастағы бразилиялық шабуылшы кәсіби мансабын дәл осы клубта бастаған болатын. Содан кейін "Барселона", "ПСЖ" және "Әл-Хиләл" клубтарында өнер көрсетті.
Айта кетейік, "Сантос" пен Неймар арасындағы келісімшарт 6 айға ғана жасалды.
Осы трансфер бойынша жанкүйерлердің бірнеше пікірін назарларыңызға ұсынамыз:
Santos Memes: Ханзада үйге оралды және мәңгілік патша Пелені құрметтейді
Arthur F. Garbuio: Сіздің қайтып келетініңізді бәріміз білдік
@onlyziz1: ха ха ха Біз Сантостан жаңа суреттер күтеміз
CONMEBOL Libertadores: Қош келдіңіз, чемпион