locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Хакими зорлау ісі бойынша айыпталды. ПСЖ қорғаушысы не деп жауап берді?

Хакими жанжалды айыптау туралы
Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Хакими зорлау ісі бойынша айыпталды. ПСЖ қорғаушысы не деп жауап берді?
ФОТО: Getty images

«Пари Сен-Жермен» жұлдызы Ашраф Хакими бір сәтте қаһарманнан атышулы даудың басты нысанасына айналды. Нантер прокуратурасы оған зорлау ісі бойынша айып тағуды талап етуде. Егер сот айыптаушы тараптың уәжін қолдаса, мәселе дисквалификацияда емес – Хакими 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Марокколық қорғаушы беделдің қас-қағым сәтте құлайтынын жақсы түсінеді. БАҚ оны қылмыскер ретінде көрсетіп үлгерді, ал көпшілік үшін ол әлдеқашан «кінәлі». Алайда Хакими шегінуге ниетті емес.

«Жалған айыпталу - бұл қорқынышты әрі әділетсіз. Мұны ешкімге тілемеймін. Бірақ мен білемін: ақиқат жарыққа шығады. Қазір менің назарым - отбасым мен футболда»,-деді ол Canal+ арнасына берген сұқбатында.

Айта кетейік, екі жыл бұрын 24 жастағы бойжеткен Хакимиге қатысты осындай айыптаулар айтқан. Осыдан кейін ПСЖ қорғаушысы сот бақылауына алынды. БАҚ дерегінше, қыз таксимен оның үйіне келген, ал бұл кездесу үлкен жанжалға ұласып, қылмыстық іске айналған. Футболшы болса өз кінәсін түбегейлі жоққа шығарып отыр. Дегенмен, егер сот оны айыпты деп тапса, жаза барынша қатаң болуы ықтимал – 15 жылға дейін түрмеге қамау.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie