Хаби Алонсо «Байердің» негізгі қорғаушысын өзімен бірге Мадридке алып келді
Футбол
Асылхан Тоқсанбек
Редактор
ФОТО: gettyimages.com
«Байер» мен Эквадор құрамасының қорғаушысы Пьеро Инкапье Мадрид әуежайында байқалды. Бұл туралы испандық El Chiringuito басылымы хабарлап, 23 жастағы футболшының видеосын жариялады.
Дереккөз мәліметінше, Инкапье мадридтік «Реалға» ауысуға жақын. Дин Хейсенмен келісімшарттан кейін клуб қорғанысқа тағы бір орталық қорғаушыны алғысы келеді.
Испандық бапкер Хаби Алонсо Инкапьені жеке өзі ұсынған. Ол — Алонсоның жүйесінде маңызды ойыншы, сондықтан маман осы трансферге ерекше мән беріп отыр.
Ингкапье 2021 жылдан бері «Байер» сапында ойнап келеді. Биылғы маусымда 45 матч өткізіп, 3 гол соқты және 2 нәтижелі пас берді. Қорғаушының келісімшарты 2029 жылға дейін күшінде. Оның сатып алу бағасы — 60 миллион еуро.