Гурман ресми түрде Жетісу клубының директоры болып тағайындалды
Футбол
Дамир Кошечкин
Журналист
ФОТО: KazFootball.kz
Марк Михайлович Гурман "Жетісу" футбол клубының директоры болып тағайындалды.
Гурман - Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы, құрамында 26 матч өткізген. Ол өз мансабында "Қайрат", "Астана", "Қызыл-Жар", "Тобол", "Қайсар" командаларында, сондай-ақ Израильдің "Хапоэль" және "Маккаби Ахи" клубтарында өнео көрсеттң.
Сонымен қатар, Гурман - Қазақстан чемпионы, Қазақстан Кубогының, Қазақстан Суперкубогының иегері, Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері, екі мәрте Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері. Бұл лауазымға тағайындалғанға дейін Марк Михайлович 2024 жылдың маусымынан бастап команданың спорт директоры қызметін атқарды.