locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Гол соқты да, тоқтады ма? «Зенитте» «Қайратпен» матчтың себебі ашылды

Александр Ерохин үзілістен кейін ойынның нәтижелілігі неге төмендегенін түсіндірді
Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Гол соқты да, тоқтады ма? «Зенитте» «Қайратпен» матчтың себебі ашылды
ФОТО: ФК Қайрат

«Зениттің» жартылай қорғаушысы Александр Ерохин «Қайратқа» қарсы матчқа қатысты пікір білдіріп, екі таймдағы айырмашылықты түсіндірді.

Футболшының айтуынша, алғашқы таймда команда шабуылда нақты әрі тиімді әрекет етіп, қарсылас айып алаңында дұрыс позиция таңдаған.

«Бірінші таймда шабуылдарды сәтті аяқтауда нақтылық болды, айып алаңын дұрыс толтырдық. Үзілістен кейін жас ойыншылар шықты, оларға ойынға бірден бейімделу оңай болған жоқ. Командалық байланыс пен талаптарды бірден игеру қиын, сондықтан екінші таймда гол соға алмадық», - деді Ерохин.

28 наурыз күні Санкт-Петербургтегі «Газпром Аренада» өткен кездесуде ресейлік клуб алматылық команданы 2:0 есебімен жеңді. Барлық голдар бірінші таймда соғылды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie