locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Гол мен нәтижелі пас Мбаппеден. Франция Әзірбайжанды ірі есеппен жеңді 2026 жылғы ӘЧ іріктеуінде

Француздар D тобындағы көшбасшылығын нығайтты
Футбол
Данияр Қайратов
Данияр Қайратов
Редактор
ФОТО: x.com/theMadridZone

Франция құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Әзірбайжанды қабылдады. Командалар D тобы аясында кездесті.

Килиан Мбаппе алғашқы таймның соңына таман "Ле Бле"-ні алға шығарды. Жұлдызды шабуылшы бірінші таймға қосылған қосымша уақытта алаңды бойлай жүгіріп, шабуылын дәл соққымен аяқтады.

Килиан ұлттық құрама мен клуб үшін осы маусымдағы 13 ойында 17-ші голын соқты. Ұлттық құрама сапындағы бұл Мбаппенің 53-ші дәл соққысы. Оливье Жиру рекордына жету үшін оған 4 гол ғана қалды.

Екінші таймда Мбаппе бұл жолы Адриен Рабьоға нәтижелі пас шығарып, француздардың басымдығын еселей түсті. Үшінші голдың авторы Флориан Товен болды.

Бұл жеңістен кейін Франция D квартетінде көш бастап, тоғыз ұпай жинады. Украинада 4 ұпай, Исландияда 3 ұпай, Әзірбайжанда 1 ұпай бар.

2026 жылғы ӘЧ іріктеуі

Франция – Әзірбайжан – 3:0

Голдар: Мбаппе, 45+2, Рабьо, 69, Товен, 84

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie