locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Глазгода «Қайратты» қай ойыншы өрге сүйреп, матчтың қаһарманына айналды?

Глазгода «Қайратты» қай ойыншы өрге сүйреп, матчтың қаһарманына айналды?
Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Глазгода «Қайратты» қай ойыншы өрге сүйреп, матчтың қаһарманына айналды?
ФОТО: Қайрат ФК

Алматылық «Қайрат» Глазгодан тарихи тең нәтижемен (0:0) оралды. Кездесудің басты қаһарманы қақпашы Александр Заруцкий болды. SofaScore нұсқасы бойынша ол қазақстандықтар сапындағы ең жоғары бағаны алды – 7.5.

Заруцкий матчтың басым бөлігінде команданы алға сүйреді: алда ойнауда сенімділік танытты, қақпаны үш мәрте құтқарып, «Селтикті» үнемі қысымда ұстап тұрды. Оның сенімді қимылы қорғаушыларға сабыр сыйлап, «Қайрат» жанкүйерлері қақпашының сейвтерін бірнеше рет ду қол шапалақпен қарсы алды.

Алайда 71-минутта күтпеген оқиға орын алды – Александр Заруцкий жарақат алып, алаңнан кетуге мәжбүр болды. Оның орнына қақпаға 21 жастағы Темірлан Анарбеков шықты.

«Қайрат» сапында жоғары бағаланған өзге де ойыншылар:

• Сорокин – 7.3
• Офри – 7.1
• Валерий Громыко мен капитан Мартынович – 6.9

Енді бар назар Алматыдағы қарымта ойынға ауады. 26 тамызда «Қайрат» өз алаңында «Селтикті» қабылдайды. Айта кетерлігі, Қазақстанда шотландиялық клуб бұрын-соңды жеңіске жете алған емес.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie