Германия 2001 жылдан бері алғаш рет ӘЧ іріктеуінде гол соға алмады
Неміс машинасы 24 жыл бойы әрбір іріктеу ойынында гол соғып келген екен
Футбол
Қайсар Дәулетбай
Редактор
ФОТО: Getty images
Германия құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Словакияға 0:2 есебімен сенсациялық түрде жеңіліп, өздерінің бірегей сериясын үзді.
Бундестим әлем чемпионатының іріктеу матчында алғаш рет голсыз қалды. Бұл туралы Opta Sports Telegram-арнасы хабарлады.
Германия соңғы рет әлем чемпионатының іріктеуінде 2001 жылы Финляндияға қарсы ойында (0:0) гол соға алмаған еді.
4 қыркүйекте Германия Братиславада Словакиядан 0:2 есебімен жеңіліс тапты.
2026 жылғы ӘЧ іріктеу турнирі. A тобы, 5-тур
4 қыркүйек. Братислава
Словакия – Германия – 2:0 (1:0)
Голдар: Ганцко, 42 (1:0). Стрелец, 55 (2:0).