Георгий Жуков: Мен «Ақтөбеге» командаға пайда әкелу үшін келдім
Жартылай қорғаушы Георгий Жуков «Ақтөбе» футбол клубының жаңа ойыншысы атанды.
Оның Қазақстан Премьер-лигасына қайта оралуы туралы футболшы алғашқы пікірін білдірді.
- «Мен клубпен мақсаттарымыздың сәйкес келетінін сездім және командаға көмектесе алатыныма сенімдімін. Алда маңызды ойындар күтіп тұр. Сол себепті ұжымға үлкен ықыласпен қосылдым», - деді Жуков.
Футболшының айтуынша, бейімделу мәселесі туындамайды - ол қазақстандық футболды жақсы біледі әрі қазіргі құрамдағы көптеген ойыншылармен бұрын бірге ойнаған немесе таныс болған.
- «Мен Қазақстанда бірнеше маусым өткіздім, сондықтан жергілікті чемпионаттың деңгейін жақсы білемін. Багдат Қайыров пен Әлібек Қасыммен бұрын бірге өнер көрсеткенбіз. Кәсіпқой футбол лигасын бақылап жүрдім — мысалы, «Қайратта» ойнаған Данияр Үсеновтың шеберлігі артып келе жатқаны байқалады. «Ақтөбеде» әрдайым болашағы бар жастар болған - жуырда олардың бірі «Қайратқа» қарсы матчта гол салды. Шетелдік ойыншылар да таныс, сондықтан қандай ортаға келіп жатқанымды білемін», - деп толықтырды хавбек.
2024 жылдың алғашқы жартысында Жуков Польшаның «Пуща» клубында өнер көрсетті. Онда ол 11 матч өткізіп, нәтижелі әрекеттерімен көзге түспеді. 17 маусымда оның клубтан кеткені белгілі болды.
Айта кетейік, 29 жастағы футболшы бұған дейін Қазақстанның тағы екі алпауыт клубында - «Астана» мен «Қайратта» ойнаған. Қазіргі таңда «Ақтөбе» 26 ұпаймен турнир кестесінде үшінші орында тұр және жүлделі орындардан үмітті.