«Галатасарай» Эдерсонмен келісімге келді
Ыстамбұл клубы Манчестер Ситидің №1 ойыншысын алуға жақын
Футбол
Қайсар Дәулетбай
Редактор
ФОТО: Getty images
«Манчестер Ситидің» қақпашысы Эдерсон Стамбұл Галатасарайға ауысуы мүмкін, деп хабарлайды инсайдер Николо Шира.
Ыстамбұл клубы қақпашыға ұзарту мүмкіндігімен 2028 жылға дейін келісімшарт ұсынды.
Бразилиялық қақпашыға Сауд Арабиясы клубтары да қызығушылық танытып отыр.
Бұған дейін Эдерсонның осы трансферлік терезеде клубтан кетпейтінін айтқаны хабарланған болатын.
Маусым айының соңында «Ситидің» тағы бір ойыншысы Илкай Гюндоган Галатасараймен келісім-шартқа отырғаны туралы ақпарат болды, бірақ одан әрі ілгерілеу туралы хабар жоқ.