Фото. Роналду қалай Ирландияға қарсы матчта пенальти соға алмады
Криштиану Роналду Ирландиямен өткен ойында пенальтиден мүлт кетті
Футбол
Аружан Темірбек
Редактор
ФОТО: ESPN
11-нен 12 қазанға қараған түні Лиссабонда 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Португалия мен Ирландия құрамаларының кездесуі өтіп жатыр – әзірге кештің басты оқиғасы әдемі голдар емес.
75-минутта португалдар капитаны Криштиану Роналду командасын алға шығару мүмкіндігін иеленді, алайда ол пенальтиді голға айналдыра алмады. «Әл-Наср» шабуылшысының соққысын қонақтар қақпашысы қайтарып, матчтағы шиеленісті сақтап қалды.
Айта кетерлігі, бүгінгі күн голға айналмаған пенальтилер күні сияқты: бірнеше сағат бұрын Эрлинг Холанд та Норвегия – Израиль матчында қатарынан екі рет пенальтиді орындай алмады.
