ФОТО. Матч кезінде өзбекстандық ойыншының мұрны сынды
Футбол
17 нау 2025 11:32

Наурызбай Қанатұлы

Фото: gettyimages
"Ризеспор" Түркия Суперлигасының 28-ші турында "Бодрумспордан" 0:2 есебімен жеңіліп қалды
Матч "Ризеспор" клубы үшін де, клубтың өзбекстандық қорғаушысы үшін де сәтсіз аяқталды. 22-минутта өз қақпасына гол соғып алған Хусниддин Алиқұлов 44-минутта қарсыласымен төбелесіп, ауыр жарақат алды.
“Алиқұловқа зор денсаулық тілейміз және ол жақын арада біздің қатарымызға оралады деп сенеміз”, - делінген түрік клубының мәлімдемесінде.
Алиқұлов Режеп Тайып Ердоған университетінің оқу және зерттеу ауруханасында алдын ала тексеруден өтті. Нәтижесінде оның мұрыны мен бет сүйегі сынған деген диагноз қойылып, емдеу басталды.
Сондай-ақ оқыңыз: Абдуқодир Хусанов Өзбекстанға келіп элиталық сыйлық алды
Танымал жаңалықтар

Футбол
Бүгін 18:07

Футбол
Бүгін 17:27

Футбол
Бүгін 16:59
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек